«Жас Сарбаз» сыныптарының жұмысы бойынша семинар
17-11-2020 17:11
«Жас Сарбаз» сыныптарының жұмысы бойынша семинар

2020 жылдың 17-қарашада оқу-әдістемелік орталық Қарағанды қаласының білім бөлімімен бірлесіп «№91 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ  «Жас Сарбаз» сыныптарының жұмыс тәжірибесін жалпылау және тарату бойынша онлайн семинар өткізді.

Семинарда тәжірибе жалпылауда сөз сөйлегендер: Д.М.Мусаева, директордың тәрбие жөніндегі орынбасары; Т.С.Темиргалиев, запастағы подполковник, «Жас Сарбаз» сыныпарының тәрбиешісі; А.Е.Хасенов, АӘТД мұғалімі.

Семинар жұмысына Қарағанды облысының 16 өңірінің білім беру бөлімдерінің мамандары, мектеп директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, АӘжТД басшылары қатысты.