Размер шрифта:
«Колледжде ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді іске асыру» тақырыбында республикалық семинар-тренинг
18-11-2020 16:25
«Колледжде ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді іске асыру»  тақырыбында республикалық семинар-тренинг

2020 жылдың 18 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Колледжде ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді іске асыру»  тақырыбында республикалық онлайн-семинар өткізді. Іс-шара «Талап»  КЕАҚ қолдауымен Қарағанды облыстық психологиялық-медициналық педагогикалық консилиумның, Талдықорған агротехникалық колледжі және Алматы қаласының колледждерінің қатысуымен ұйымдастырылды.

Спикерлер: Жуманбаева Куралай Асылбековна - «Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметін ұйымдастыру» тақырыбында, Шаповалова Татьяна Юрьевна - «Колледжде ерекше қажеттілігі бар балаларды қабылдауды ұйымдастырудағы колледж психологының рөлі» тақырыбында, Тишина Оксана Валерьевна - «ТжКБ ұйымдарында инклюзивті білім беруді ұйымдастырудағы психологиялық-медициналық педагогикалық консилиумның рөлі» тақырыбында және т. б. тақырыптарда сөз сөйледі.

Семинарға облыс колледждерінен 100-ге жуық директорлардың орынбасарлары, педагог-психологтар  және әлеуметтік педагогтар қатысты.