2020 жылдың 18 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Колледжде ерекше білім беру қажеттіліктері бар студенттерге психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді іске асыру» тақырыбында республикалық онлайн-семинар өткізді. Іс-шара «Талап» КЕАҚ қолдауымен Қарағанды облыстық психологиялық-медициналық педагогикалық консилиумның, Талдықорған агротехникалық колледжі және Алматы қаласының колледждерінің қатысуымен ұйымдастырылды.
Спикерлер: Жуманбаева Куралай Асылбековна - «Қарағанды техникалық-құрылыс колледжінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметін ұйымдастыру» тақырыбында, Шаповалова Татьяна Юрьевна - «Колледжде ерекше қажеттілігі бар балаларды қабылдауды ұйымдастырудағы колледж психологының рөлі» тақырыбында, Тишина Оксана Валерьевна - «ТжКБ ұйымдарында инклюзивті білім беруді ұйымдастырудағы психологиялық-медициналық педагогикалық консилиумның рөлі» тақырыбында және т. б. тақырыптарда сөз сөйледі.
Семинарға облыс колледждерінен 100-ге жуық директорлардың орынбасарлары, педагог-психологтар және әлеуметтік педагогтар қатысты.