ФУТБОЛ САБАҒЫНЫҢ ҮШІНШІ САҒАТЫ
19-11-2020 09:05
ФУТБОЛ САБАҒЫНЫҢ ҮШІНШІ САҒАТЫ

2020 жылдың 19 қарашасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ZOOM платформасында онлайн режимде «Футбол сабағының үшінші сағаты» атты республикалық пилоттық жобаны іске асыру бойынша семинар өткізді.

Семинарда: Жаңаарқа ауданының білім беру бөлімінің әдіскері Ж.Конкашева, №132 ЖББОМ дене шынықтыру пәні мұғалімі Ж.А.Майшина және Амалбеков атындағы ЖББОМ дене шынықтыру пәні мұғалімі С.Б.Сейтжапанов сөз сөйлеп, жұмыс тәжірибелерімен бөлісті.

Бейне конференцияға Қарағанды облысы мектептерінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері мен дене шынықтыру пәніне жетекшілік ететін әдіскерлер қатысты. Семинар барлығы 100 адамды қамтыды.