Тірек мектептерінің (Ресурстық орталық) магниттік мектептермен атқарған жұмыстары бойынша есеп беру вебинары.
Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында 2020 жылдың 19 қараша күні Жаңаарқа ауданының Тірек мектептерінің магниттік мектептермен атқарған жұмыстары және 020-2021 оқу жылының жоспары туралы есеп беру вебинары өтті.
Кестеге сәйкес ауданның үш Тірек мектебінің (РО) есептері тыңдалды. Атап айтқанда:
• ЖОББ О.Жұмабеков атындағы Тірек мектебі;
• ЖОББ Б.Амалбеков атындағы Тірек мектебі;
• № 132 ЖОББ мектеп базасындағы Тірек мектебі.
Барлық мектептер атқарылған іс-шараларға, нәтижесіне тоқталды.
Есеп беру вебинарына қатысқан ауданның білім беру ұйымдарының 30 мектеп директорлары мен орынбасарлары өз ойларымен бөлісті.