2020 жылдың 19 қараша күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында Қарқаралы ауданының Тірек мектептерінің магниттік мектептермен атқарған жұмыстары және 2020-2021 оқу жылының жоспары туралы есеп беру вебинары өтті.
Кестеге сәйкес ауданның үш Тірек мектебінің (РО) есептері тыңдалды. Атап айтқанда:
• Көктас ауылындағы ЖББ № 4 орта мектеп базасындағы тірек мектебі;
• Егіндібұлақ ауылындағы ЖББҚ.Смайылов атындағы № 43 орта мектебі базасындағы Тірек мектебі;
• Қарқаралы қаласындағы М.Бәпиұлы атындағы № 44 орта мектеп базасындағы тірек мектебі.
Барлық мектептер атқарылған іс-шараларға, нәтижесіне тоқталды.
Есеп беру вебинарына қатысқан ауданның білім беру ұйымдарының мектеп директорлары мен орынбасарлары өз ойларымен бөлісті.