Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының 2020 жылдың 9 қараша күні аудандық әдістемелік кабинет меңгерушілерімен өткен семинар-кеңестің тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 18 қараша күні Шет ауданының Тірек мектептерінің магниттік мектептермен атқарған жұмыстары және 2020-2021 оқу жылының жоспары туралы есеп беру вебинары өтті.
Кестеге сәйкес ауданның үш Тірек мектебінің (РО) және үш магниттік мектептердің есептері тыңдалды. Атап айтқанда:
• ЖОББ А.Ермеков атындағы Тірек мектебі;
• ЖОББ «Босаға» магниттік мектебі;
• ЖОББ МГ Ы.Алтынсарин атындағы Тірек мектебі;
• ЖОББ «Нұраталды» магниттік мектебі;
• ЖОББ Х.Сәрінжіпұлы атындағы тірек мектебі;
• ЖОББ Абай атындағы магниттік мектеп.
Барлық мектептер атқарылған іс-шараларға, нәтижесіне тоқталды.
Есеп беру вебинарына қатысқан ауданның білім беру ұйымдарының 64 лауазымды тұлғалары тәжірибе алмасу мақсатында өз ойларымен бөлісті.