«Жас Сарбаз» сыныптарының жұмысы бойынша семинар
24-11-2020 09:22
«Жас Сарбаз» сыныптарының жұмысы бойынша семинар

2020 жылдың 24 қарашада оқу-әдістемелік орталық Қарағанды қаласының білім бөлімімен бірлесіп «№23 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ  Жас сарбаз сыныптарының жұмыс тәжірибесін жалпылау және тарату бойынша онлайн семинар өткізді.

Семинарда тәжірибе жалпылауда сөз сөйлегендер: А.К.Кәріпбаева, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; Ж.Б.Біраяқ, АӘжТД пәнінің мұғалімі; Е.Ю.Каримова,  Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген тоғызқұмалақ жаттықтырушысы, ұлттық және ат спорты бойынша «Қайрат» БЖСМ КММ; Д.М.Касымова, хореограф.

Семинар жұмысына Қарағанды облысының 15 өңірінің білім беру бөлімдерінің мамандары, мектеп директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, АӘжТД басшылары қатысты.