«ЭкоАсар» әлеуметтік экологиялық бастамасы
24-11-2020 08:25
«ЭкоАсар» әлеуметтік экологиялық бастамасы

2020 жылдың 23-24 қараша аралығында «ЭкоАсар» әлеуметтік экологиялық бастамасы аясында Қарағанды және Теміртау қалаларының білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған қатты тұрмыстық қалдықтарды бөліп жинау бойынша оқыту вебинарлары өтті.

Пән мұғалімдерін, тәлімгерлерді, сынып жетекшілерін оқытуды Республикалық эко-жаттықтырушылар – Варганова Елена, Усольцева Ольга, Касымова Марьям, Бердыкулова Анар жүргізді.

2020 жылдың 23 қарашасынан бастап 03 желтоқсанға дейінгі аралықта «ЭкоАсар» акциясы аясында Абай ауданының 15 білім беру ұйымдарында «EСО TRUCK. Қайталама шикізатты қайта өңдеу бойынша мобильді пункт» жобасы бойынша онлайн практикумдар өтеді.