«Бір отбасы-бір кітап» акциясының І жартыжылдығын қорытындылау
31-12-2020 13:38

Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2020 жылғы 26 желтоқсанында Online режимінде «Бір отбасы-бір кітап» акциясының облыстық іріктеу кезеңін өткізеді.

Акция ZOOM платформасында өткізіледі және тікелей эфирде YouTube сайтында 10.00-ден 13.00-ге дейін көрсетіледі.

Акцияның мақсаты: отбасымен кітап оқу дәстүрін қайта жаңғырту. Адамзаттың ой-өрісін, шығармашылық, әлеуметтік белсенділігін арттырудың қуатты құралы болып табылатын кітап оқуды отбасылық құндылыққа айналдыру. Отбасындағы балалардың жан-дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастырып, кітап оқуға деген қызығушылықты ояту.

Акция екі жартыжылдық бойынша өткізіледі деп жоспарланған.

І жартыжылдық. 01 қазан – 26 желтоқсан 2020 жыл.

ІІ жартыжылдық. 10 қаңтар – 15 мамыр 2021 жыл.

Акцияның І жартыжылдығында облыстың барлық білім беру ұйымдарында қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ойшыл, жазба қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдығына орай ұлы ақынның шығармаларын оқып, талқылау ұсынылған. 

Акцияның облыстық іріктеу кезеңі төмендегі тәртіп бойынша ұйымдастырылады:

2-4-сыныптар. Абай Құнанбайұлының табиғат лирикасына байланысты өлеңдері бойынша бейнебаян байқауы  (2 мин.);

5-6-сыныптар. Абай Құнанбайұлының аудармалары бойынша мәнерлеп оқу сайысы; 

7-8-сыныптар. Абай Құнанбайұлының поэмалары бойынша сахналық қойылым; 

9-10-сыныптар. Абай Құнанбайұлының қара сөздері бойынша Презентация