2020 жылдың 26 қараша күні Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен инновациялық және облыстағы мамандандырылған мектептер үшін ZOOM платформасы арқылы Қарағанды облысы білім басқармасының «Қашықтықтан оқытудың өзіндік ерекшеліктері» атты онлайн семинар өткізді.
Семинарға мектеп директорлары, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі және тәрбие орынбасарлары, ЖМБ кафедрасы жетекшілері қатысты.
Семинар барысында қашықтықтан оқытуға білім алушылардың бейімделуін ұйымдастыру, қашықтықтан оқыту барысында білім алушылардың танымдық әрекеттері мен белсенділігін арттыру; заманауи ақпараттық коммуникациялық технологиялардың мүмкіндіктерін қолдана отырып, қашықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелері қарастырылды.
Семинардың кезінде қатысушылар тәжірибелік тапсырмаларды өздері орындап, GOOGLE, Kahoot, "Mozaik", "Zoom" платформалардағы жұмыстың, басқа да электрондық оқытудың нысандары мен әдістерінің мүмкіндіктерін көрді.
Семинар соңында қатысушылар алынған ақпараттың пайдалылығы мен тәжірибелік тұстары туралы, сондай-ақ осындай іс-шаралардың жиі ұйымдастырылу қажеттігін атап өтті.