2020 жылдың 25 қарашасында математика және физика оқытушыларының ОӘБ жұмысы аясында Қарағанды облысы колледждерінің студенттері арасында «Логика» математикалық онлайн ойыны өтті.
Математикалық ойынға облыс колледждерінің 27 студенті қатысты. Ойын екі кезеңнен тұрды. I кезең - іріктеу кезеңі Kahoot платформасында (онлайн тестілеу), II тур ZOOM платформасында өткізілді.
I және II кезеңдердің қорытындылары бойынша ең көп балл жинаған келесі қатысушылар жеңімпаз атанды:
1 орын - Чечушкова Ангелина Михайловна, «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КММ студенті, жетекшісі Коробко Вера Юрьевна;
2 орын - Сейтбекова Ақнұр Серікбайқызы, «Жезқазған гуманитарлық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Алмаганбетова Данагул Нурлыбековна;
3 орын - Шәріп Дамира Мейрамқызы, «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК студенті, жетекшісі Кулпейсова Назира Елубайкызы.
Барлық қатысушыларға сертификаттар беріледі. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталады.