GEOINFO НАВИГАТОР
27-11-2020 08:50
GEOINFO НАВИГАТОР

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2020 жылдың 27 қарашасында «GeoInfo навигатор» облыстық жобасы аясында «Интерактивті мүмкіндіктер проекциясы» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде семинар өткізді. Семинарда Теміртау қаласының әдіскері мен география пәні мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.

«№9 МЛ» КММ мұғалімі – К.Ж. Ахметова, «Қашықтықтан оқытудағы география пәні мұғалімдеріне арналған қолжетімді әдіс-тәсілдер» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

«№14 МЛ» КММ мұғалімі – О.А. Митрофанова, Сlasscraft, Classtime бағдарламаларын, Раdlet интерактивтік тақтасын және интерактивтік карталарды қолдану арқылы жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

«№20 МЛ» КММ мұғалімі – Н.А. Гаюк және «№27 ЖББОМ» КММ мұғалімі – Т.В.Зазуляк, «Онлайн-сабаққа қалай жылдам дайындалу керек» тақырыбы бойынша жұмыс тәжірибелерімен бөлісіп, «9 сыныпқа арналған география пәні бойынша 2-тоқсандық ФБ интерактивтік тапсырмалары» жинағын ұсынды.

«№1 гимназия» КММ 11-сынып оқушылары – Бельдина Анастасия және Карих Анна жобаны қорғауды көрсетті.

«№ 14 МЛ» КММ мұғалімі – О.А. Митрофанова, Padlet бағдарламасы бойынша нетворкинг қатысушыларымен кері байланыс өткізді.

Барлығы семинарға қатысушылар саны 72 адамды құрады.