Размер шрифта:
Тірек мектептерінің (Ресурстық орталық) магниттік мектептермен атқарған жұмыстары бойынша есеп беру вебинары.
27-11-2020 09:53
Тірек мектептерінің (Ресурстық  орталық) магниттік мектептермен    атқарған жұмыстары бойынша есеп беру вебинары.

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік  орталығы 2020 жылдың 27 қараша күні Нұра ауданының Ы. Алтынсарин атындағы және М.Сүлейменов атындағы ЖОББ мектептері базасындағы Тірек  мектептерінің (РО) магниттік мектептермен атқарған жұмыстары  және  2020-2021 оқу жылының жоспары туралы есеп беру вебинарын  өткізді.

Есеп беру вебинары барысында Ы.Алтынсарин атындағы Тірек мектебінің  директоры Юнгенштейн Т.Н., М.Сүлейменов атындағы Тірек мектеп директорының орынбасары Сыздыкова З.Б. 2019-2020 оқу жылында     магниттік мектептермен жүргізілген шараларға және әдістемелік жұмыстарға тоқталып, жаңа оқу жылының жоспарын ұсынды. Есеп бойынша сұрақтар қойылып, жұмыс барысындағы анықталған мәселелерді шешу ұсыныстары айтылды.