2020 жылдың 27 қарашасында ZOOM платформасында дене тәрбиесі оқытушыларының ОӘБ жұмысы аясында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Қашықтықтан оқыту жағдайында дене тәрбиесін оқытудың тиімді формалары мен әдістері» атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияға Қарағанды облысының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары; «Челябинск педагогикалық колледжі №2» МКББМ; «Лебедян педагогикалық колледжі» МКББМ; Е.А.Бөкетов атындағы ҚарУ дене мәдениеті кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы; «Н. Құлжанов атындағы Торғай гуманитарлық колледжі» дене тәрбиесі пәнінің 69 оқытушылары қатысты.
Конференция 2 секция бойынша қашықтықтан өткізілді:
1 секция – «Қашықтықтан оқыту кезінде дене тәрбиесі сабақтарын өткізудің тиімді әдістері мен тәсілдері», модератор Ж.К. Жаяубаев - дене тәрбиесі пәні оқытушыларының ОӘБ жетекшісі;
2 секция – «Қашықтықтан оқыту жағдайындағы жұмыс тәжірибесі», модератор Муфталова А.К. – «Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі» КМҚК дене тәрбиесі бөлімінің меңгерушісі.
Конференцияның басты мақсаты қашықтықтан оқыту жағдайында дене тәрбиесі сабақтары мен спорттық іс-шараларды ұйымдастырудың тиімді жолдарын қарастырып тәжірибемен алмасу болды.
Конференция соңында баяндамашылар сұрақтарға жауап берді.
ҚО ББД ОӘО ТжКБ бөлімінің әдіскері Г.Т. Умиртаева және дене тәрбиесі оқытушыларының ОӘБ жетекшісі Ж.К. Жаяубаев конференцияның қорытындысын шығарды.