«RailwaySkills» облыстық қашықтықтан өткізілген зияткерлік-шығармашылық сайысы
26-11-2020 10:07
«RailwaySkills» облыстық қашықтықтан  өткізілген  зияткерлік-шығармашылық  сайысы

26.11.2020 ж. Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Теміржол көлігі» ОӘБ жұмысы аясында «Жезқазған бизнес және көлік колледжі» ЖММ бірлесіп, ZOOM платформасында теміржол мамандықтарын оқитын 3 курс студенттері арасында «RailwaySkills» облыстық қашықтықтан зияткерлік-шығармашылық сайысын өткізді. Сайысқа 11 команда қатысты. 

Сайыс 3 кезеңнен тұрды.

І кезең -  Quizizz бағдарламасын пайдалана отырып, «Техникалық пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі» пәні бойынша онлайн тестілеу. 

ІІ кезең – «Кәсіби құзыреттілік». Таңдалған біліктілік бойынша сұрақтарға жауап беру. Байқау Prezi.com. бағдарламасын қолдану арқылы өткізілді. 

ІІІ кезең – «Менің кәсіби күнім» шығармашылық үй тапсырмасы. 

Командалар таңдалған біліктіліктерін бейнефильмдер, интерактивті презентациялар арқылы көрсетті. 

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орын иегерлері төмендегідей болып анықталды: 

1 орын - «Қарағанды көлік-технологиялық колледжі» КММ – «Фортуна» командасы; қатысушылар - Еренсизов Айдар, Орал Айдана, Солонцов Вадим Вячеславович; жетекшілері: Адыканова Ляззат Жаксыбековна, Елисова  Анастасия  Сергеевна, Перемазова Светлана Анатольевна.

2 орын – Қарағанды теміржол  колледжінің «Арлан» командасы; қатысушылар- Жылқыбай Қанат,  Акишов Досжан, Кариев Диас; жетекшісі: Шалғынбаев Бақтыбай Кәтжанович.

3 орын - Теміртау қаласындағы «Мектеп-интернат-колледжі» КММ – «ШИК» командасы; қатысушылар - Слёзки Никита, Татиев Дамир, Шалкимбаев Алексей; жетекшісі: Ильиных Юлия Валериевна.