«Қарағанды облысының экологиялық мәселелері» облыстық студенттік онлайн-конференциясы
2020 жылдың 27 қарашасында колледж директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының облыстық әдістемелік бірлестігінің жұмысының жоспары аясында «Қарағанды облысының экологиялық мәселелері» атты облыстық студенттік онлайн-конференциясы өтті.
Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылды:
1. Аймақтың экологиялық мәселелері және оларды шешу жолдары;
2. Аймақ тұрғындарының экологиялық мәдениеті және ағарту;
3. Қарағанды облысының экологиялық апат аймақтары.
Іс-шараға колледждердің 75 студенті мен педагогтары қатысты. Конференция қонақтары Қарағанды облыстық экологиялық мұражайының директоры Дмитрий Калмыков және Ұлттық эко-жаттықтырушы Дамир Каримов болды.