2020 жылдың 26 қарашасында шетел тілдері оқытушыларының ОӘБ жұмысы аясында «Қашықтықтан оқыту форматында тыңдау дағдыларын дамыту үшін шетел тілі сабақтарында оқытудың белсенді әдістері» тақырыбында облыстық іс-шара өтті.
Шара ұйымдастырушылары: Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КММ.
Отырыс Zoom платформасында онлайн форматта өткізілді.
Іс-шараға облыс колледждерінен 50 шетел тілі оқытушылары қатысты.
Шараның мақсаты: өзін-өзі дамыту, өзін-өзі талдау және озық тәжірибені тарату арқылы мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту.
Отырыс барысында қатысушылар материалдарын көрсетіп, педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.
Барлық материалдар жинаққа жиналып, «Қарағанды тамақтану және сервис колледжі» КММ сайтында жарияланатын болады.
Шараның барлық қатысушыларына сертификаттар берілді. Тәжірибесімен бөліскен оқытушылар алғяс хаттарға ие болды.