«Өзін-өзі тану» пәні бойынша колледж оқытушыларының отырысы
2020 жылғы 30 қарашада ZOOM платформасында «Өзін-өзі тану» пәні оқытушыларына арналған онлайн-отырыс өтті.
Аталған шараға облыс колледждерінен 35 педагог қатысты.
Қатысушылар «Ы. Алтынсарин шығармашылығындағы рухани құндылықтар», «Өзін - өзі тану сабақтарында «Форум – театр» интерактивті техникасы арқылы рухани-адамгершілік тәрбие», «Өзін-өзі тану пәнін ТжКБ білім беру саласына интеграциялау» тақырыптарында тәжірибелерімен бөлісті.