«Біз балаларымызды қалай қорғаймыз?»
26-09-2015 03:54
«Біз балаларымызды қалай қорғаймыз?»

          «Біз балаларымызды қалай қорғаймыз?» тақырыбында 26 қыркүйекте оn-line режимінде Қарағанды облысы Білім басқармасының басшысы А.Қ. Аймағамбетовтың қатысуымен облыстық жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өткізілді.

Бұл шара Қарағанды облысының барлық білім беру ұйымдарында жүргізілді.

Ата-аналар алдында on-line режимінде  балалардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуші «ата-аналық бақылау» қызметі туралы «Қазақтелеком» Акционерлік қоғамы директорының орынбасары, Қарағанды облысы телекоммуникация дирекциясының коммерциялық директоры Саликов Жанболат Дауылбаевич және Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының бас педиатр-дәрігері Дюсембаева Наталья Ивановна 15-19 жас аралығындағы тұлғаларды қызылшаға қарсы қосымша иммунизациялау сұрақтары туралы ақпарат берді.