«Шабыт шаттығы» V облыстық орындаушылық шеберлік байқауы
03-12-2020 16:53
«Шабыт шаттығы» V облыстық  орындаушылық шеберлік байқауы

2020 жылғы қараша айының 1 мен 30 аралығында балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің оқытушылары арасындағы «ШАБЫТ ШАТТЫҒЫ» атты V облыстық орындаушылық шеберлігінің қашықтық байқауы өтті. 

Қашықтан өткен байқауға өнер мектептері мен музыка мектептерінің оқытушылары келесі номинациялар бойынша қатысты:

- «Жеке орындаушы» - аспаптық орындаушылық (фортепиано, гитара, орыс халық, үрмелі, ішекті, соқпалы аспаптары және т. б. ), жеке ән айту (академиялық, эстрадалық вокал); концертмейстермен немесе концертмейстерсіз бағалау;

- «Ансамбльдер» (кіші формалар-дуэттер, трио, квартеттер және т.б. 8 адамға дейін, онда концертмейстер-ансамбль қатысушысы);

Байқауға Шет, Осакаров, Бұқар жырау, Ақтоғай аудандарының, Қарағанды, Теміртау, Сәтбаев, Саран, Балқаш, Қарқаралы, Қаражал қалаларының БММ және БӨМ мамандырылған оқытушылар қатысты.

Жеке орындаушылар үшін жас ерекшелігіне қарай: 1-санат 35 жасқа дейін; 2-санат 35 жастан жоғары. 

«Жеке орындаушылар номинациясы» бойынша жас ерекшелігіне қарай: 1-санатында - 26, 2-санатында - 22 үміткер, «Ансамблдер» номинациясында - 11 ұжым, «Концертмейстерлік өнері» номинациясында – 9 концертмейстер қатысты.

Қазылар алқасы номинация мен  жас ерекшелігі санатына қарай Гран-при және I, II, III дәрежелі лауреаттарды анықтады.

1-санат 35 жасқа дейін «Жеке орындаушылар»:

Гран-при: Сайлауов Сейілхан Галижанұлы, Қарағанды қаласы №2 БММ; Балтабаев Жамбыл Маратұлы, Қарағанды қаласы Мамандандырылған музыка мектеп-интернаты.

1-орын: Асабуева Шынар Нуржановна, Саран қаласы БӨМ; Кордабаева Тлеужан Канатбековна, Қарағанды қаласы Қ. Аманжолов атындағы БММ; Низаметдинова Ольга Олеговна, Сәтбаев қ. БӨМ;

2-орын: Бозтаев Батыржан Сейсенбекович, Осакаров ауданының БӨМ; Сейфулгазина Жазира Сериковна, Қарағанды қаласы № 1 БММ; Бөдесов Саян Естайұлы, Бұқар жырау ауданы «Руханият» қосымша білім беру орталығы; Совет Әділет Жанғалиұлы, Шет ауданы С. Мұхамеджанов атындағы Өнер мектебі; Цицвира Джульетта Тимофеевна, Қарағанды қаласы Қ. Аманжолов атындағы БММ.

3-орын: Дәулетбек Жүсіп Мейрамұлы, Шет ауданы С. Мұхамеджанов атындағы Өнер мектебі; Кулымжанов Нуржан Мауленұлы, Ақтоғай ауданының Өнер мектебі; Шамеева Карина Болатовна, Қарағанды қаласы № 1 БММ; Айтбаева Лаура Аркабайқызы, Қарағанды қаласы № 1 Өнер мектебі.

2-санат 35 жастан жоғары «Жеке орындаушылар»:

Гран-при: Изтелеуов Салим Ауезханович, Қарағанды қаласы Қ. Аманжолов атындағы БММ;

1-орын: Рахим Әбдірәсіл Ныгманұлы, Қаражал қаласы БӨМ; Утебаева Токыман Конысбековна, Шет ауданы С. Мұхамеджанов атындағы Өнер мектебі; Конкабаева Каракоз Батаевна, Қарағанды қаласы № 3 Өнер мектебі   Бойко Светлана Константиновна, Қарағанды қаласы № 1 Өнер мектебі;

Качанов Андрей Владимирович, Қарағанды қаласы № 1 Өнер мектебі.  

2-орын: Узалин Ернат Зайнутуллаевич, Қарағанды қ. № 1 БММ; Фадеева Ольга Николаевна, Қарағанды қаласы БММ № 1; Клокова Галина Николаевна, Теміртау қ. Ғ. Жұбанова атындағы БӨМ.

3-орын: Рахимжанова Шарбану Таттымбетқызы, Шет ауданы С. Мұхамеджанов атындағы Өнер мектебі; Досмагамбетова Бибигуль Валихановна, Бұқар жырау ауданы, Доскей ауылы «Мирас» өнер мектебі; 

Емельяненко Александр Константинович, Қарағанды қаласы № 1 Өнер мектебі; Сыздыков Темирбек Тюлюбекович, Теміртау қаласы Ғ. Жұбанова атындағы БӨМ; Шакенов Владимир Жунусович, Қарағанды қаласы №1 БММ; Куртванова Марьяна Борисовна, Қарағанды қаласы Қ. Аманжолов атындағы БММ; Ручьевская Светлана Анатольевна, Қарағанды қаласы № 3 Өнер мектебі. 

«Ансамблдер»:

Гран-при: «Жалын» домбырашылар ансамблі, Балқаш қ. Өнер мектебі  

1-орын: Балтабаев Ж.М., Адамова Ә.Ә.дуэті, Қарағанды қ. мамандандырылған музыка мектеп-интернаты.

2место: «Шабыт» ансамблі, Қарағанды қаласы. Қ. Аманжолов атындағы БММ; «Мерей» ансамблі, Балқаш қаласы Өнер мектебі.

3-орын: Ли Д.М., Смагулова А.М. фортепианолық дуэті, Қарағанды қаласы № 3 Өнер мектебі;  «Жасдәурен» ансамблі, Қарқаралы қаласы Музыка мектебі; «Серпер» ансамблі - Бұқар жырау ауданы, Доскей ауылы «Мирас» өнер мектебі. 

«Концертмейстер»:

1-орын: Борисова Елена Аркадьевна, Қарағанды қ. № 1БММ; Бескембирова Алья Калайдаровна, Қарағанды қаласы № 1 Өнер мектебі.  

2-орын: Макарцова Мария Владимировна, Қарағанды қаласы № 1 Өнер мектебі;  Подгурская Надежда Анатольевна, Теміртау қ. Ғ. Жұбанова атындағы БӨМ. 

3-орын: Есендаулетова Райхан Саменовна, Қарағанды қаласы Қ. Аманжолов атындағы БММ.