Ақпараттандырудың өзекті мәселелері бойынша кеңес
03-12-2020 16:37
Ақпараттандырудың өзекті мәселелері бойынша кеңес

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы 2020 жылдың желтоқсан айының 03-і күні ZOOM платформасында қалалық, аудандық білім бөлімдерінің әдістемелік кабинет меңгерушілері мен әдіскерлеріне, облыстық мектептердің директорлары мен директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына кеңес өткізді.

Кеңес барысында келесі мәселелер қарастырылды:

- электронды журналды жүргізу кезіндегі проблемалық сұрақтар;

- «Python тіліндегі Bigdata негіздері», «Python  бағдарламалау негіздері», «Computer Vision (Жасанды интеллект)» проблемалық оқыту курстары;

- информатика мұғалімдерінің ашық республикалық шығармашылық конкурсының облыстық кезеңі жеңімпаздарының нәтижелері;

- робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар бойынша VII Халықаралық фестивалінің облыстық кезеңінің жеңімпаздарының нәтижелері.

Кеңеске 60-тан астам адам қатысты. Кеңесте ҚО ББД ОӘО директоры Б.Х.Абдикерова, ҚО ББД ОӘО директорының орынбасары Е.Р.Аринов сөз сөйледі.