Размер шрифта:
Физика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы
04-12-2020 08:19
Физика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы

2020 жылдың 04 желтоқсанындаҚарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасы арқылы мамандандырылған мектеп-интернаттарының физика пәні мұғалімдерінің облыстық әдістемелік бірлестік отырысы өткізілді. Отырысқа облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттарынан барлығы 17 мұғалім қатысты. 

Отырыс бағдарламасында төмендегі мәселелер қаралды:

- Дарынды балалармен жұмыс (олимпиада, байқау) нәтижелері;

- Қашықтықтан оқыту жағдайында үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс;

- Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатымен «Зейін» жобасының жүзеге асырылуы;

- «Педагогикалық идея» облыстықәдістемелік материалдар байқауы;

- «English chat» педагогикалық жобасының жүзеге асырылу жағдайы.