![«Жас Сарбаз» сыныптарының жұмысы бойынша семинар](/media/img/blogs/5fcf79f409fec.jpg)
2020 жылдың 08 желтоқсанында оқу-әдістемелік орталық Қарағанды қаласының білім бөлімімен бірлесіп «№4 мектеп-интернаты» КММ «Жас Сарбаз» сыныптарының жұмыс тәжірибесін жалпылау және тарату бойынша онлайн семинар өткізді.
Семинарда тәжірибе жалпылауда сөз сөйлегендер: М.Б. Нуртазина, мектеп директоры; А.Т. Абишева, директорының орынбасары; Б.С. Бекмаганбетов, «Жас сарбаз» сыныбының тәрбиешісі, запастағы кіші сержант; Г.С. Беисова, аға тәлімгер; Э.С.Кокенова, химия пәнінің мұғалімі; Е.А.Зубочкина, тарих пәнінің мұғалімі; Н.В.Ковалёва, көркем еңбек пәнінің мұғалімі; Н.М.Уланова, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Семинар жұмысына Қарағанды облысының 17 өңірінің білім беру бөлімдерінің мамандары, мектеп директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, АӘжТД басшылары қатысты.