"Өсу сатысы" курс
09-12-2020 15:54

2020 жылдың 9 желтоқсанында Қарағанды облысы білім беруді дамытудың  оқу—әдістемелік  орталығы мектепке дейінгі мекемелердің жас әдіскерлеріне арналған "Өсу сатысы"  атты курстың үшінші кезеңінде "Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңы және қазақ тілінің мәртебесі. Қазақстан  Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы","Латын әліпбиіне көшу—өркениет биігіне көтерілу","Қазақ тілі сабағында Sparkol VideoScribe технологиясын қолдану","Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілі пәнін оқыту мәселесі" тақырыптарында жұмысын жалғастырды. Бүгінгі курс спикерлері  ББ Д ОӘО әдіскері Г. Б. Жаркеева,  Қарағанды облысы тілдерді дамытуды  басқару  ресурстық орталығының әдіскері Ә. Д. Смықова,  Қарағанды қаласының 102 мектеп—гимназиясының қазақ тілі мұғалімі Ж. Т. Жунусова,  Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ—дың қазақ тілі курсы бойынша кафедра меңгерушісі,  PhD,  профессоры Б.М. Айтбаева. Курсқа тек әдіскерлер ғана емес,  мектепке дейінгі ұйымдардың жас қазақ тілі мұғалімдері қатысты.