Колледж педагогтері Қарағанды облысының жас мамандарының форумына қатысты
09-12-2020 18:15
Колледж педагогтері  Қарағанды облысының  жас мамандарының форумына қатысты

2020 жылдың 9 желтоқсанында Қарағанды облысы жас мамандарының ІІ форумының №9 және №10 секцияларында «ТжКБ ұйымдарында оқу-тәрбие процесін психологиялық-педагогикалық және әдістемелік сүйемелдеу» тақырыбында колледж жас педагогтерінің отырыстары өтті.

Форумның №9 секциясы бойынша келесі жас мамандар өз тәжірибелерімен бөлісті: 

1. Борзова Анастасия Ивановна, «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ өндірістік оқыту шебері, «WorldSkills Чемпионаты. Студенттерді чемпионатқа дайындау және қатысу тәжірибесі» тақырыбында;

2. Алтынхан Аяулым Ермеккызы, «Шахтинск технологиялық колледжі» КМҚК өндірістік оқыту шебері, «Колледжде бірінші курс студенттерінің бейімделуі» тақырыбында. 

№9 секциясының модераторлары Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары А.Ж.Сарсембаева мен әдіскер А.К. Оспанова болды.

Форумның №10 секциясы бойынша келесі жас мамандар өз тәжірибелерін ортаға салды: 

1. Сұлтанбекова Аида Қайыржанқызы, Утепова Салтанат Алмасовна, «Қарағанды жоғары «Bolashaq» колледжі» ЖММ оқытушылары,  «Қашықтықтан оқыту жағдайында арнайы пәндер бойынша қолданылатын интернет ресурстар» тақырыбында;

2. Рымбек Алуа Жайнатқызы, «Қарағанды жоғары политехникалық колледжі» КМҚК оқытушысы, «Жаңа оқыту әдістері мен  заманауи технологиялар» тақырыбында.

Секциялық отырысты модератор болып Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімі меңгерушісі А.А. Кнашина жүргізді.

Диалогтық алаңдар шеңберіндегі шеберлік сағаттар аяқталғаннан кейін қатысушылар спикерлерге сұрақтар қойып, өз ойларымен, ұсыныстарымен, пікірлерімен бөлісті.

Форум жас мамандардың тәжірибе алмасуы үшін тамаша алаң болды.

Әр секцияға 100-ге жуық тыңдаушы, облыс колледждерінің жас өкілдері қатысты.

Форумның барлық қатысушыларына алғысымызды білдіреміз және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында шығармашылық табыстар тілейміз!