Математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің ашық Республикалық шығармашылық байқауының облыстық кезеңінің жүлдегерлерін марапаттау рәсімі
10-12-2020 17:38
Математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің ашық Республикалық шығармашылық байқауының облыстық кезеңінің жүлдегерлерін марапаттау рәсімі

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2020 жылдың  10 желтоқсанында математика, физика және информатика пәндері мұғалімдерінің ашық Республикалық шығармашылық байқауының облыстық кезеңінің жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.  

Марапаттауға үш пән бойынша бірінші орын алған жеңімпаздар шақырылды. 1 орын алған жеңімпаздар I дәрежелі дипломдармен, сондай-ақ «Үздік математик мұғалімі-2020», «Үздік физика мұғалімі-2020», «Үздік информатика мұғалімі-2020» кубоктарымен марапатталды.

Екінші, үшінші орын жүлдегерлері ZOOM конференциясына шақырылып, I, II дәрежелі дипломдармен марапатталды. Жақсы нәтиже көрсеткен және басқа қатысушы мұғалімдерден ерекшеленген қатысушыларға мақтау қағаздары табысталды.