"Өсу сатысы" курсы
2020 жылдың 11 желтоқсанында мектепке дейінгі жас әдіскерлерге арналған "Өсу сатысы" курсының бесінші модулі өтті. Басты тақырып: "Талант менеджмент" бағдарламасы аясында оқу үрдісіне психологиялық—педагогикалық сүйемелдеу жүргізу.
Бүгінгі күннің спикері Нұр-Сұлтан қаласының психологиялық ғылыми докторы, Еуразиялық гуманитарлық институтының профессоры Изакова Айжан Тендиковна.
Айжан Тендиковна әдіскерлерді "Талант менеджмент" бағдарламасымен, педагогикалық немқұрайлықтың алдын-алу және ата-аналармен жұмысты таныстырды. Модуль өте жоғарғы, кәсіби деңгейде өтті. Атаулы бағдарлама барлық мектепке дейінгі ұйымдар әдіскерлерінің тәжірбиеде қолдану қызығушылықтарын танытты.