"Өсу сатысы" курсы
11-12-2020 16:50

2020 жылдың 11 желтоқсанында  мектепке дейінгі жас әдіскерлерге арналған "Өсу сатысы"  курсының бесінші модулі өтті. Басты тақырып:  "Талант менеджмент"  бағдарламасы аясында оқу үрдісіне психологиялық—педагогикалық сүйемелдеу жүргізу. 

Бүгінгі күннің спикері Нұр-Сұлтан қаласының психологиялық ғылыми докторы,  Еуразиялық гуманитарлық институтының профессоры Изакова Айжан Тендиковна. 

Айжан Тендиковна  әдіскерлерді "Талант менеджмент"  бағдарламасымен,  педагогикалық немқұрайлықтың алдын-алу және ата-аналармен жұмысты таныстырды.  Модуль  өте жоғарғы,  кәсіби деңгейде өтті. Атаулы бағдарлама барлық мектепке дейінгі ұйымдар әдіскерлерінің тәжірбиеде қолдану  қызығушылықтарын танытты.