«Ұлтқа өнеге - Ұлы есім»
11-12-2020 18:00
«Ұлтқа өнеге - Ұлы есім»

Қарағанды облысының білім басқармасы мен білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы және №66 мектеп-лицейі 2020 жылдың 11 желтоқсанында on-line форматында «Ұлтқа өнеге - Ұлы есім» атты кездесу-сұхбат (ББД ОӘО YouTube-каналы арқылы көрсетілімі бар ZOOM конференциясы) өткізді.

Кездесудің мақсаты: Абай есімді жастармен, оқушылармен сұхбаттасу арқылы адамның қайталанбас тұлға екендігін ұлағаттау. 

Абай есімін ұлағаттау – әрбір жастың бойында халқына, елі мен жеріне  деген патриоттық сезімді орнықтырады. Өскелең ұрпақтың бойына өнегелерін сіңіру және өмірлік азығына айналдыру, ұлтты жаңғыртуға жол ашатын маңызды қадамның бірі. Кездесу-сұхбат аясында, Абай есімді оқушылар және елге еңбегі сіңген азаматтармен әңгімелесіп, ұлы Абайдың құнды пікірлері жайлы сөз қозғай отырып,  әрбір адамның қайталанбас тұлға екендігін түсіну әрі түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу-модераторы Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы – Кожахметова Гулсим Шабдановна.

Кездесу-сұхбатқа Қарағанды облысындағы Абай есімін ұлағаттап жүрген азаматтар, Абай атындағы мектеп директорлары, Абай есімді оқушылар қатысты.

ZOOM конференциясында 500 адам қатысса, YouTube-каналындағы тікелей көрсетілімді 200-ге жуық адам тамашалады.