«Сервис» бағыты бойынша оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің облыстық сайысы
14-12-2020 18:11
«Сервис» бағыты бойынша оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлерінің облыстық сайысы

2020 жылдың 14 желтоқсанында оқытушылар мен өндірістік оқыту шеберлері байқауының жеңімпаздарын Zoom платформасында марапаттау рәсімі өтті.

2020 жылдың 16 қарашасынан 11 желтоқсанына дейін «Сервис» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестік жұмысының аясында арнайы пәндер оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері арасындағы қашықтықтан облыстық сайысы өтті.

Сайысқа облыс колледждерінің 37 арнайы пәндер оқытушылары  мен өндірістік оқыту шеберлерінен құралған 13 команда қатысты. 

Әділ қазылар міндетін Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының өкілдері және 2 әлеуметтік серіктестер атқарды.

Сайыс екі кезеңде өткізілді:

- 1 кезең қашықтықтан өтті, қатысушылар 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін «Біз шеберлікте біргеміз» және «Менің мамандығым – мақтанышым» тақырыптарына бейне-презентациялар жіберді;

- 2 кезең Zoom платформасында 2020 жылдың 14 желтоқсанында «Ми шабуылы» түрінде өтті.

Осы күні қазылар алқасы арнайы пәндер оқытушылары  мен өндірістік оқыту шеберлерінен құралған командалардың арасындағы өткен байқаудың қорытындысын шығарып, жеңімпаздарын анықтады.

Келесі номинациялар бойынша сертификаттар мен мүсіншелер берді:

- Ең жақсы бейне сәлемдесу – «Нұра көпсалалы колледжі» КМҚК командасы;

- Әлеуметтік серіктестермен бірігіп дайындаған үздік бейне презентациясы –  «Қарағанды агротехникалық колледжі» КММ командасы. 

Сайыс жеңімпаздары:

1 орын  - «HELL'S KITCHEN» командасы, «Қарағанды коммерциялық  колледжі» ЖММ; 

2 орын - Команда «Смак», «Сәтбаев индустриалдық колледжі» КММ; 

3 орын - Команда «Коктейль 3 в 1», КГУ «Саранский технический колледж».

Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Жеңімпаздар дипломдармен марапатталды, ал ұйымдастырушыларға сайысты жоғары деңгейде ұйымдастырғандары үшін алғыс хаттар беріледі.