«Жас Сарбаз» сыныптарының жұмысы бойынша семинар
15-12-2020 17:07
«Жас Сарбаз» сыныптарының жұмысы бойынша семинар

2020 жылдың 15 желтоқсанында оқу-әдістемелік орталығы Балқаш қаласының «№8 мектеп-интернаты» КММ берлесіп «Жас Сарбаз» сыныптарының жұмыс тәжірибесін жалпылау және тарату бойынша онлайн семинар өткізді.

Семинарда тәжірибе жалпылауда сөз сөйлегендер: А.Т.Токейбекова, мектеп директоры; Т.Е.Еримбетов, педагог-ұйымдастырушы; Отарбаев А.А., педагог-ұйымдастырушы; Ж.К.Жетписбаева, директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары; М.А.Сатиев, алғашқы әскери дайындық жетекшісі; «Жас Сарбаз» сыныптарының  оқушылары мен ата-аналары.

Семинар жұмысына Қарағанды облысының 14 өңірінің білім беру бөлімдерінің мамандары, мектеп директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, АӘжТД басшылары қатысты.