![«Сауатты бастау және табысты жалғастыру» тақырыбында вебинар](/media/img/blogs/5fe3314e3b73c.jpg)
2020 жылдың 23 желтоқсанында webinar.ru платформасында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлеріне арналған «Антиплагиат» жүйесіндегі жұмыстарды тексеру: сауатты бастау және табысты жалғастыру» тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинар спикері «Антиплагиат» компаниясының оқу-әдістемелік орталығының жетекші маманы Филиппова Ольга Анатольевна болды.
Вебинар келесі тақырыптарда өтті:
̶ «Антиплагиат» жүйесіндегі жұмыстарды тексеру: сауатты бастау және табысты жалғастыру»
̶ «Антиплагиат» деген не және ол қалай жұмыс істейді? «Біріккен коллекция» (модульдер мен коллекциялар).
̶ Неліктен тек пайызға ғана бағыттауға болмайды?
̶ Әр түрлі жұмыс түрлеріне қойылатын әртүрлі талаптар. Регламент
̶ Көшіріп алу түрлері. «Антиплагиат» жүйесі плагиат іздей ме?
̶ Сарапшы Кабинеті. Жұмыстарды жүктеу: файл пішімдері, әдебиеттер тізімі мен қосымшалар, тексерулер саны. («жанды» жүйеде көрсету).
̶ Техникалық «айналымдарды» визуализациялау.
̶ Өзіне-өзі дәйексөз келтіру. Көлем, көрсеткішті автоматты есептеу және қолмен реттеу.
̶ Дәйексөз келтіру. Жалпы қолданылатын сөз тіркестерді, библиографияны, нормативтік актілерді бөліп көрсету.
̶ Аударылған көшірмелер мен ауыстырылған фразалардың заңдылығын талдау.
̶ Толық есепті өңдеу.
̶ Ғылыми терминология, формулалар, сызбалар, кестелер, суреттер.
Вебинар соңында тыңдаушылар сертификаттар алды. Тыңдаушылар саны 30 әдіскерді құрады.