Облыстық Эксперттік Кеңес отырысы
2020 жылдың 23 желтоқсанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығында облыстық Эксперттік Кеңестің кезекті онлайн отырысы өтті.
Отырыста Қарағанды облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының "Өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен олардың ата-аналарын әлеуметтік оңалту қызметі" жобасын іске асыру нәтижелері туралы ақпараттық-талдамалық есеп (қорытынды), Қарағанды облысы мектептері педагогтерінің әдістемелік құралдары мен бағдарламалары қаралды.