Размер шрифта:
«Мектепке дейінгі жастағы балалармен түзету-дамыту жұмысының заманауи технологиялары мен әдістері»
24-12-2020 09:33
«Мектепке дейінгі жастағы балалармен түзету-дамыту жұмысының заманауи технологиялары мен әдістері»

2020 жылдың 24 желтоқсанында  онлайн режимде Қарағанды облысының   мектепке дейінгі ұйымдарында  инклюзивті білім беретін педагогтар мен    әдіскерлерге арналған   облыстық семинар өтті.

Семинарда Қарағанды қаласының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ педагог-психолог, мұғалім-логопед, мұғалім-дефектологы Жунусбекова Багила Нурмашевна; Теміртау қаласының МКҚК №11 «Аққу» бөбек-жайы тәрбиешісі Шестакова Лариса Николаевна мен МКҚК №4 «Дельфинчик» бөбекжайы музыка жетекшісі Сургина Елена Юрьевна өз тәжірибелерімен бөлісті.