«Мектепке дейінгі жастағы балалармен түзету-дамыту жұмысының заманауи технологиялары мен әдістері»
![«Мектепке дейінгі жастағы балалармен түзету-дамыту жұмысының заманауи технологиялары мен әдістері»](/media/img/blogs/5fe55d343244a.jpg)
2020 жылдың 24 желтоқсанында онлайн режимде Қарағанды облысының мектепке дейінгі ұйымдарында инклюзивті білім беретін педагогтар мен әдіскерлерге арналған облыстық семинар өтті.
Семинарда Қарағанды қаласының «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ педагог-психолог, мұғалім-логопед, мұғалім-дефектологы Жунусбекова Багила Нурмашевна; Теміртау қаласының МКҚК №11 «Аққу» бөбек-жайы тәрбиешісі Шестакова Лариса Николаевна мен МКҚК №4 «Дельфинчик» бөбекжайы музыка жетекшісі Сургина Елена Юрьевна өз тәжірибелерімен бөлісті.