«Жастар – шағын кәсіпкерлікке» «Youth- into small business» II облыстық кәсіпкерлік қабілетін дамыту бойынша студенттердің аймақтық қашықтықтан өткен олимпиадасы
25-12-2020 10:40
«Жастар – шағын кәсіпкерлікке» «Youth- into small business» II облыстық кәсіпкерлік қабілетін дамыту бойынша студенттердің аймақтық қашықтықтан өткен олимпиадасы

2020 жылдың 25 желтоқсанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы «Экономика, бизнес және құқық колледжі» бірлесіп, ZOOM платформасында колледж  студенттері арасында «Жастар – шағын кәсіпкерлікке» облыстық қашықтықтан олимпиадасы өтті. 

Олимпиаданың мақсаты - жастарды бизнес - ортаға тарту, студенттерді бизнес-идеяларды дамытуға және бизнес-жобаларды іске асыруға қолдау көрсету және ынталандыру.

Олимпиадаға 38 студент қатысты. 

Байқау 3 кезеңнен тұрды.

І кезең -  Қолданбалы бағдарламаны қолдана отырып «Кәсіпкерлік негіздері» пәні бойынша онлайн тестілеу Google Classroom қосымшасында өтті.

ІІ кезең – Kahoot бағдарламасындағы викториналық сұрақтар бойынша  қатысушыларына жылдамдыққа кәсіпкерлік шешімдердің логикалық сұрақтарына жауап берді.

ІІІ кезең – «Менің кәсіби күнім» шығармашылық үй тапсырмасы. 

Командалар таңдалған біліктіліктерін бейнефильмдер, интерактивті презентациялар арқылы көрсетті. 

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орын иегерлері төмендегідей болып анықталды: 

Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер анықталды:

1 орын - Сон Денис, Рахман Алихан, «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжі; Тлекқызы Мадина, Қарағанды «Bolashaq» жоғары колледжі;

2 орын - Герич Екатерина, «Жезказган жоғары политехникалық колледжі» КМҚК; Волосково Виктория, КЕАҚ ҚарМУ жанындағы инновациялық технологиялар колледжі;

3 орын - Балабекова Актоты,  «Қарағанды Сән колледжі» ЖММ; Бектасова Алина, «Жезқазған технология және сервис колледжі» КММ.