«Қысқы мектеп» аясында оқушыларды олимпиадаға дайындау бойынша шеберлік сыныптар
05-01-2021 18:20
«Қысқы мектеп» аясында оқушыларды олимпиадаға дайындау бойынша шеберлік сыныптар

2021 жылдың 5 қаңтарында онлайн режімінде ZOOM платформасында (YouTube сайтында тікелей көрсетіліммен) білім беруді дамытудың оқу - әдістемелік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Қысқы мектеп» аясында оқушыларды олимпиадаға дайындау әдістемесі бойынша 11 шеберлік сыныбы өткізілді.

Қазақ тілі пәні мұғалімі Қасым Г.М., математика пәні мұғалімі Хабдолда С., орыс тілі пәні мұғалімі Мейрманова Б.О., физика пәні мұғалімі Какенова В.В., биология пәні мұғалімі Ахажанова Г.К., география пәні мұғалімі Рудзинская А.С., ағылшын тілі пәні мұғалімі Беляева Е.Н., химия пәні мұғалімі Байсалбаева К.Ж., информатика пәні мұғалімдері Шокеева С.Ж., Жумагулов С.К., тарих пәні мұғалімдері Тусипханов А.А., Наумова И.Ю., Кошербаев А.И. өз тәжірибелерімен бөлісті.

Мұғалімдердің шеберлік сыныптары тыңдаушылар тарапынан өте үлкен бағаға ие болды. Олимпиадаға оқушыларды дайындау мәселесі жан-жақты қарастырылды.