«Web-мастер» облыстық жобасы аясындағы «Web - сайттарды әзірлеу тәсілдері. HTML» мастер-класс
06-01-2021 18:22
«Web-мастер»  облыстық жобасы аясындағы  «Web - сайттарды әзірлеу тәсілдері. HTML» мастер-класс

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы танымдық қызығушылықты қалыптастыру, инновациялық құзыреттілікті, WEB-технологиялар саласындағы шығармашылық қабілеттерді дамыту мақсатында, сондай-ақ облыстық «Web-мастер» жобасы аясында 2021 жылдың 6 қаңтарында «Web-сайттарды әзірлеу тәсілдері. HTML» мастер-класс ZOOM конференциясында ББД ОӘО YouTube арнасында тікелей эфирде өткізілді.

Мастер-классқа Қарағанды облысының 130 педагогы қатысты. Мастер-класс тренрі: Бердиходжаев Әділбек Сайлауұлы-LEGO Education академиясының сертификатталған жаттықтырушысы, «Kazdidac» білім беру орталығының шебер-тренері, сайттарды жасау бойынша жоғары білікті маман.

Мастер-класс соңында педагогтар мастер-класстың қазіргі заманғы, тренердің сауаттылығы мен кәсібилігін, сондай-ақ материалды берудің анықтығы мен қисындылығын атап өтті.