Әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері мен мамандандырылған мектеп интернаттарының директорлары үшін кеңес.
12-01-2021 09:45
Әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері мен мамандандырылған мектеп интернаттарының директорлары үшін кеңес.

   Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының базасында  2021 жылдың 12 қаңтарында әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері мен мамандандырылған мектеп интернаттарының директорлары үшін кеңес өткізілді.

   Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы директорының м.а. Абдикерова Бакиткул Хималдиновна жиналысқа қатысушыларға сөз сөйлеп, 2021 жылға арналған ҚО ОӘО жұмыс жоспарымен таныстырды.

   Сондай-ақ, кеңес барысында келесі мәселелер қаралды:

   - 2020 жылдың қараша-желтоқсан айларындағы педагогтарды аттестаттау жөніндегі облыстық сараптамалық кеңес жұмысының қорытындысы;

  - «Зейін» жобасын іске асыру. «Зейін» жобасы аясындағы І жартыжылдықтағы жұмыс қорытындылары;

  - Функционалдық сауаттылықты дамытуға арналған апталықтар өткізу;

  - Математика, физика, химия, биология мұғалімдеріне арналған «Педагогикалық идеялар» авторлық бағдарламалар конкурсын өткізу;

  - «Бірге оқимыз!» жобасы аясында 2020-2021 оқу жылының 1 жартыжылдығындағы өткен воркшоптар;

  - Күзгі және Қысқы мектеп аясында оқушыларды олимпиадаға дайындау бойынша шеберлік-сыныптарын өткізуді талдау;

  - «Бір отбасы-бір кітап» Акциясы мен «Өнегелі өмір» жобасының І жартыжылдық қоры;

  - Білім беру ұйымдарында буллингтің алдын алу бойынша әдістемелік ұсынымдар;

  - ҚР Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану бойынша жұмысты ұйымдастыру;

  - 2020 жылға балаларға арналған қосымша білім беру ұйымдарын бағалау критерийлері;

  - 2020-2021 оқу жылының І жартыжылдығында «Білімал. Электрондық мектеп» электронды журналын жүргізуі туралы;

  - UMC_OK мобильді қосымшасының жұмысы туралы;

  - «Ауыл мектебі» жобасын іске асыру.

   Кеңес қорытындысы бойынша әдістемелік кабинеттердің меңгерушілері мен мамандандырылған мектеп-интернаттардың директорларына арналған ұсынымдар айтылды.

   Кеңеске әдістемелік кабинеттердің 18 меңгерушісі және мамандандырылған мектеп-интернаттардың 10 директоры қатысты.