2020 жылдың 8 қаңтарында Қысқы мектеп аясында облыстың білім беру ұйымдары басшылары резервтерінің жылдық курсының II модулі өткізілді.
Курс үдерісінде тәрбие жұмысын ұйымдастыруды реттейтін нормативтік-құқықтық актілер, тәрбие беру бағытындағы қызметтік міндеттер, тәрбие жұмысы бойынша мектепішілік бақылауды ұйымдастыру мәселелері, «Рухани жанғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы; мектеп директорының базалық экономикалық құзыреттілігі қарастырылды.
Аталған мәселелер бойынша Қарағанды облысында ББД оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері және Қарағанды, Балқаш қалаларындағы жетекші мектеп директорлары өз тәжірибелерімен бөлісті.
Оқыту курсына Қарағанды облысының 18 аймағынан директорлардың кадрлық резервіне алынған 176 педагог қатысты.