Қарағанды облысы білім беру ұйымдары басшыларының «Болашақ басшы» кадрлық резервтерінің жылдық оқыту курсы
08-01-2021 08:42
Қарағанды облысы білім беру ұйымдары басшыларының «Болашақ басшы» кадрлық резервтерінің  жылдық оқыту курсы

2020 жылдың 8 қаңтарында Қысқы мектеп аясында облыстың білім беру ұйымдары басшылары резервтерінің жылдық курсының II модулі өткізілді.

Курс үдерісінде тәрбие жұмысын ұйымдастыруды реттейтін нормативтік-құқықтық актілер, тәрбие беру бағытындағы қызметтік міндеттер, тәрбие жұмысы бойынша мектепішілік бақылауды ұйымдастыру мәселелері, «Рухани жанғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы; мектеп директорының базалық экономикалық құзыреттілігі қарастырылды.

Аталған мәселелер бойынша Қарағанды облысында ББД оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері және Қарағанды, Балқаш қалаларындағы жетекші мектеп директорлары өз тәжірибелерімен бөлісті.

Оқыту курсына Қарағанды облысының 18 аймағынан директорлардың кадрлық резервіне алынған 176 педагог қатысты.