«Шаштараз өнері» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің онлайн-отырысы өтті
14-01-2021 09:09
«Шаштараз өнері» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің онлайн-отырысы өтті

2021 жылдың 14 қаңтарында ZOOM платформасында «Шаштараз өнері» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің онлайн-отырысы өтті.

Отырысқа 19 өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушылары қатысты.

Іс-шара барысында колледждердің келесі инженерлік-педагогикалық қызметкерлері өз тәжірибелерімен бөлісті:

1. Борзова А.И.,  «Қарағанды кәсіптік-техникалық колледжі» КММ, «Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру» тақырыбында;

2. Жактаева А.Н., «Қарағанды  технология және сервис колледжі» КММ, «Студенттердің сабақтан тыс іс-әрекетін ұйымдастыру» тақырыбында;

3. Абдряхимова А.М., «Қарағанды  тамақтану және сервис колледжі» КММ, «Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығының түлектері үшін портфолио құрастыру бойынша ұсыныстар» тақырыбында.

Отырыс соңында бірқатар ұйымдастыру мәселелері талқыланып, ОӘБ төрайымы Коба И.П. отырыстың қорытындысын шығарды.