Колледж педагог-психологтарының ОӘБ онлайн-отырысы
21-01-2021 15:43
Колледж педагог-психологтарының ОӘБ онлайн-отырысы

2021 жылдың 21 қаңтарында ТжКББ ұйымдарының педагог-психологтарының облыстық әдістемелік бірлестігінің кезекті отырысы өтті. «Білім беру мекемесінде педагог-психологтың қызметін ұйымдастыру» тақырыбындағы іс-шараға облыстың 42 педагог-психологы қатысты.

Отырыстың мақсаты: педагог-психологтардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Д.С. Копобаева, «Экономика, бизнес және құқық колледжі» ЖММ, А. С. Бондарчук, «Нұра көпсалалы колледжі» КМҚК, С. Л. Карабалина, «Теміртау жоғары медициналық колледжі» ЖММ баяндама жасады.