«Өнер» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысы аясындағы шеберлік сабағы
22-01-2021 16:11
«Өнер» бағыты бойынша облыстық әдістемелік бірлестіктің жұмысы   аясындағы шеберлік сабағы

2021 жылдың 22 қаңтарында ZOOM платформасында «Өнер» бағыты бойынша ОӘБ жұмысы аясында «Онлайн режимде кәсіптік оқытуды іске асыру мәселелері» тақырыбындағы шеберлік сабағы өтті.

Шеберлік сабаққа облыстың колледждері мен музыка мектептерінің 38 оқытушысы қатысты.

Өз тәжірибесімен «Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжі» КМҚК оқытушысы Абишева Гульжамал Кошеновна бөлісті.

Соңында оқытушылар ой бөлісіп, тыңдаушылар тарапынан көптеген оң пікірлер айтылды.