«Бірге оқимыз» жобасы аясында» Workshops өткізілді
22-01-2021 09:25
«Бірге оқимыз» жобасы аясында» Workshops өткізілді

2021 жылдың 22 қаңтарында «Бірге оқимыз!» инновациялық жобасы аясында Қарағанды облысының педагогтеріне арналған кезекті воркшоптар ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде өткізілді.

Воркшоптарды өткізгендер:

1. Смагулова П.М., Жезқазған қаласы Қ. Сәтбаев атындағы №7 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі.

2. Кошикова А.Ж., Саран қаласының №17 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі.

3. Жаксыбаева С.К., Жезқазған қаласы №26 гимназияның ағылшын тілі мұғалімі.

4. Лазарева А.Л., Жезқазған қаласының Қ. Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.

5. Калуетова Г.А., Шахтинск қаласының А.Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Воркшопқа ZOOM арқылы қатысқандар саны – 473, Youtube арнасы арқылы қатысқандар саны – 190. Барлығы 663 педагог қатысты.