Колледждердің әдіскерлері мен директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар
25-01-2021 16:47
Колледждердің әдіскерлері мен директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар

2021 жылдың 25 қаңтары сағат 15-те  Zoom платформасында «Рефлексия - өзін-өзі бағалау және психологиялық көзқарас нәтижелерін ескере отырып, оқытуды түзету құралы ретінде» тақырыбындағы колледждердің әдіскерлері мен директорлардың оқу ісі жөніндегі орынбасарларына арналған семинар өткізілді.

Семинарға 84 облыс колледждерінің өкілдері қатысты. 

Семинарда келесі тақырыптар бойынша Абай Құнанбаев атындағы Саран жоғары гуманитарлық-техникалық колледжі өкілдері өз тәжірибелерімен бөлісті:

1. «Оқу процесінде рефлексияны ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Шаповалова Н.П. және әдіскер Кашина Е.А.;

2. «Рефлексия. Рефлексияның түрлері»,  Лопатко И.Г.,  оқытушы;

3. «Рефлексия –оқыту процесін жетілдіру құралы», Коранова А.М., оқытушы;

4. «Оң көзқарас «сәттілік жағдайын» құру құралы ретінде»,  Козлова Е.О.,  педагог-психолог.

Шара қатысушылары семинар соңындағы «Сұрақ-жауап»   рефлексиясы кезінде өздерінің ұсыныстары мен тілектерін жеткізді.