2021 жылғы 27 қаңтарда Қарағанды облысы білім беруді дамыту орталығы "Өнер қалашығы" жобасы аясында "Әлеуметтік серіктестік—білім беру кеңістігін интеграциялау факторы ретінде" тақырыбында семинар өткізді. Атаулы семинарда Аубакир Исмаилов атындағы балалар көркем мектебі мен Шахтинск қаласының "Ботагоз" бөбекжайы сабақтастық тәжірибесін көрсетті.
Семинарда Аубакир Исмаилов атындағы балалар көркем мектебі мен Шахтинск қаласының "Ботагоз" бөбекжайының педагогтері "Балалар не жайында айтады", " Су асты әлемінің құпиялары" және "Жануарлар стилінің өнері" атты шығармашылық шеберханаларын ұсынды.
Бұл семинарға Қарағанды облысының, қалаларының және аудандарының инновация бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың әдіскерлері, директорлары, білім бөлімінің әдіскерлері қатысты.
Семинар Zoom арқылы өтті, қатысушылар 78 адам.