Студенттер арасындағы дойбыдан облыстық онлайн жарыс
28-01-2021 16:24
Студенттер арасындағы дойбыдан облыстық онлайн жарыс

2021 жылдың 27-28 қаңтар аралығында www.playok.com сайтында және ZOOM платформасы арқылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған Қарағанды облысы колледждерінің студенттері арасында дойбыдан онлайн жарыс өтті.

Жарыстың мақсаты: студенттер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дамыту.

Жарысты Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы, «Ақтоғай аграрлық-техникалық колледжі» КММ ұйымдастырды.

Жарысқа 19 команда қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша келесі командалар жүлделі орындарға ие болды:

1 орын - «Қарағанды облыстық жоғары мейіргерлік колледжі» КМК командасы

2 орын – «Жезқазған бизнес және көлік колледжі» ЖММ командасы

3 орын –  «Қарағанды «Bolashaq»  жоғары  колледжі» ЖММ командасы

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!