2021 жылдың 29 қаңтарында «Қашықтықтан оқыту жағдайында білім беру технологияларын жетілдіру» тақырыбында облыстық қашықтықтан ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференцияны Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы, Жезқазған қаласының «Тау-кен металлургия колледжі» КММ ұйымдастырды.
Конференцияда Қарағанды облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары А. Ж.Сарсембаева, конференцияның модераторы КО ОӘО әдіскері О. Н. Кирпан сөз сөйледі.
Конференцияға колледждердің 33 оқытушы қатысты.
Аталған конференция оқытушыларға пәндерді қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесін ұйымдастырудың тиімді педагогикалық тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік берді.
Өткізілген конференцияның қорытындысы бойынша педагогтар сертификаттармен және алғыс хаттармен марапатталды. Конференция материалдарының жинағын шығару жоспарлануда.